Е-TUTYNUSHY: Шымкентте тұтынушылар өз құқықтарын қорғай алады

0
650

2021 жылы 45 млн ​​теңгеге жуық қаржыны заттай, ақшалай тұтынушыларға өндірген.


Е-TUTYNUSHY: Шымкентте тұтынушылар өз құқықтарын қорғай алады

Шымкент қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Салхожаев Бахытжан департамент тарапынан 2021 жылғы атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұтынушы ЕИС е-tutynushy жүйесіне тіркелу арқылы, өз құқықтарын дұрыс қорғауларына болады.

Департаменттің 2021 жылғы атқарылған жұмыстарының нәтижесін Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын респондент арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінен көруге болады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының жекелеген секторларындағы проблемалар жүйелі сипатқа ие. Жекелеген фактілерге тоқаталатын болсам өкінішке орай қаламызда бизнес қауымдастық арасында әлі де болса тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңына белгілі дәрежеде көңіл бөлмейтін және қарапайым тұтынушылардың құқықтарын өрескел бұзатын кәсіпкерлерде жетерлік деді, - Бахытжан Мадыханұлы.
Сикердің айтуынша, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде тұтынушылардың 2020 жылы – 335, ал 2021 жылы – 2 111 өтініштері қаралды. Бұл ретте 2020 жылмен салыстырғанда 6 есеге (530%-ға) өсті. 2020 жылмен салыстырмалы қарайтын болсақ департамент 2020 жылы 9,5 млн теңгеге жуық қаржыны қайтарған болса, 2021 жылы 45 млн теңгеге жуық қаржыны заттай, ақшалай тұтынушыларға өндірген.

Баспасөз мәжілісінде, Бахытжан Мадыханұлы алдағы департаментте болатын өзгерістермен де бөлісті.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау сапасын арттыру мақсатында бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа қауымдастығын құру қолға алынып жатыр. Ол Қазақстан тұтынушыларының біріңғай Ұлттық Қауымдастығы болып аталмақ. Департаменттің алдында қоғам мен бизнес-қауымдастық мүдделері арасындағы теңгерімді табу ортақ міндеті тұр. Бірінші тарап (Қоғам) тауар мен қызмет нарығында бақылауды күшейтуді талап етсе, екінші тарап (бизнес-қауымдастық) оны айтарлықтай азайтуды талап етеді деді, - ол.