Е.Айтаханов: «Қаладағы құрылысқа жауапты мамандар жұмысты ұйымдастыра алмайды»

0
946

Қала әкімі құрылыс қарқынын арттыру және мердігерлердің жұмысын ерекше бақылауға алу керектігін айтты.


Е.Айтаханов: «Қаладағы құрылысқа жауапты мамандар жұмысты ұйымдастыра алмайды»

Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов қаладағы ірі құрылыс нысандарды аралап, жұмыстардың баяу жүріп жатқанын сынға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Е.Айтаханов ең алдымен халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылыс жұмыстарымен танысты. Сағатына 400 адам қабылдай алатын терминал іске қосылған кезде, жолаушылар ағыны 10 есеге дейін ұлғаяды деп жоспарлануда.


Сондай-ақ, Қызылжар шағынауданындағы А-2 автожолының және А-2 Бадам көпірі мен Д.Қонаев даңғылы құрылыстарының жұмысын көрді. Одан кейін, әкімге «Қошқар ата» өзені жағалауын абаттандыру, ескі қалашықтағы «Цитадель» және Shymkent-City тұрғын алабындағы «Конгресс-Центр» жобасы таныстырылды.


Ал, іссапар барысында құрылысқа жауапты мамандардың жұмысты ұйымдастыра алмайтынын сынға алған қала басшысы ең алдымен сапаға мән беруді тапсырып, құрылыс қарқынын арттыру және мердігерлердің жұмысын ерекше бақылауға алу керектігін де қадап айтты.