Eco sana: "Біз таза қала үшін": Шымкентте жастарға арналған оқыту семинар-тренингі өтті

0
285

Шара соңында тренингке қатысқандарға арнайы сертификаттар берілді.


Eco sana:

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Eco sana: "Біз таза қала үшін" жобасы аясында волонтер жастарға арналған оқыту семинар-тренингі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тренингке ASAA жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Данара Саранова, Reframe тұлғалық дамыту орталығының басшысы, тәжірибелі психолог Гулжан Вероцкая, Шымкент қаласының "Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының" бас маманы Ержан Мусабай және жобаға қатысушы қоғамдық ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан белсенді топтар қатысты.

Аталған шара барысында экологиялық еріктіліктің 10 пайдасы жайында тренинигтер жүргізілді.

Сондай-ақ шара соңында тренингке қатысқандарға арнайы сертификаттар берілді.