"ECO SANA": Шымкентте белсенді жастардың қатысуымен сенбілік өтті

0
347

Сенбілікке жоғары және орта арнаулы оқу орындарының белсенді жастары қатысты.


Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен кезекті "ECO SANA" қозғалысы аясында сенбілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Маятас тұрғын алабында өткен сенбілікте жоғары және орта арнаулы оқу орындарының белсенді жастары Бадам су қоймасының айналасын қоқыстан тазартты. Қоқыстар аудандағы коммуналды қызметтің техникасымен арнайы полигонға тасымалданды.

Айта кетейік, Абай ауданы «Ынтымақ» мөлтек ауданында өткен биылғы сенбіліктің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, сенбілік барысында «Eco sana» жобасына қатысуға қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 17 команда қатысып, 1 тонна 500 келіге жуық қоқыс шығарылған болатын.

Ал Әл-Фараби ауданы Сәуле мөлтек ауданында өткен екінші аптадағы сенбілікке 18 команда келіп, 180 ге жуық жас қатысып, 2 тонна 269 келіге жуық қоқыс шығарылған. Қаратау ауданы, Таскен елді-мекенінде өткен сенбілікке 18 команда қатысып, 7 тонна 475,5 кг қоқыс шығарылған болатын.