​«Ел сұлуы – қыз бала»: Шымкентте психологиялық кездесу кеші өтті

0
771

Аталған жобаның мақсаты – жастар мен жасөспірімдер арасында белең алып жатқан ерте жүктіліктің алдын алу және қыз балаларға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу.


​«Ел сұлуы – қыз бала»: Шымкентте психологиялық кездесу кеші өтті

Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Қыздар кеңесі" мектебі жобасы аясында «Ел сұлуы – қыз бала» атты психологиялық кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жобаның мақсаты – жастар мен жасөспірімдер арасында белең алып жатқан ерте жүктіліктің алдын алу және қыз балаларға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Кездесуге Абай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы –Бибіфатима Хамитбекова, Шымкент қаласы бойынша тәжірибелі психолог, психотерапевт коуч практик және психологиялық кітаптардың авторы Жанат Атаева, «Медикер ЮК» медициналық орталығының гинекологы Бибігүл Пирниязова, Шымкент қаласы бойынша тәжірибелі психолог арт-терапевт, психотерапевт Асанова Салтанат және жоғары және орта арнаулы оқу орындарының психологы мен қыздар ұйымы қатысты.

Басқосу барысында аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жастар мен жасөспірімдердің психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған көрініс көрсетілді. Сонымен қатар, психологтар өмірлік қиын жағдайға түскен жастарды әлеуметтік қоғамға тарту мәселелері айтып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу – ата-ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті екенін айта келе, бұл бағыттағы жұмыстар ұлттық дәстүрді негізге ала отырып жүйелі жалғасатындығын жеткізді.

Басқосуда ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

Сонымен қоса, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында жоғары және орта арнаулы оқу орындарында қыздар кеңесі өткізілді. Аталған кездесудің мақсаты- қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау. Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру. Қыз балалардың тәрбие үдерісінде психологиялық заңдылықтырды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру, қыздардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалдарын дамыту.