"Есірткі және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу": Шымкентте жастармен кездесу өтті

0
525

Іс-шараның мақсаты - кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.


Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Aутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» ұйымдастыруымен «Есірткі және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараға Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» маманы Назира Жүргенбаева және №14 мектептің оқушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты:

- Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
- Нашақорлықтың, суицидтің алдын алу;
- АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы АИТВ/ЖИТС-дан тексеруден өту.


Іс-шара барысында кәмілетке толмағандар арасында құқықбұзушылық, нашақорлық, суицидке жол бермеу, қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасымен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында айтылды.