«Есірткіге жол жоқ!»: Шымкентте жастардың қатысуымен акция өтті

0
663

Шара барысында ұйымдастартырушылар есірткіге қарсы бірқатар маңызды мәселелерді түсіндіріп, буклеттер мен брошюралар таратты.


«Есірткіге жол жоқ!»: Шымкентте жастардың қатысуымен акция өтті

Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, Neet және жас отбасылар мен жұмыс бөлімі, Шымкент қаласы Полиция департаменті «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы» мен «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ және Шымкент қаласы «Жас Отан» ЖҚ-ның бірлесіп ұйымдастыруымен кезекті «Есірткіге жол жоқ!» акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шара жастарға есірткінің зияндылығын түсіндіре отырып, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа шақыру мақсатында ұйымдастырылды.

Акцияға Шымкент қаласы Полиция департаменті «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы», «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ, Шымкент қаласы «Жас Отан» ЖҚ және белсенді жас спортшылар мен ерікті жастар қатысты.

Іс-шара Шымкент қаласының теміржол вокзалының маңында өткізілді.

Шара барысында ұйымдастартырушылар есірткіге қарсы бірқатар маңызды мәселелерді түсіндіріп, буклеттер мен брошюралар таратты.