«Этно fashion»: Шымкентте дефиле байқауы өтті

0
584

Іс-шара барысында қазақтың ұлттық киім үлгілері көрсетіліп, ұлтымыздың өнері мен мұрасы, дәстүрлі дүиетанымы дәріптелді.


«Этно fashion»: Шымкентте дефиле байқауы өтті

Шымкенттегі Достық үйінде сән өнерін арқау еткен «Этно fashion» дефиле байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткен байқауға этностық топ өкілдерінің қыз-келіншектері қатысып, қазақы нақышпен тігілген киім үлгілерін көпшілікке таныстырды.

Іс-шара барысында қазақтың ұлттық киім үлгілері көрсетіліп, ұлтымыздың өнері мен мұрасы, дәстүрлі дүиетанымы дәріптелді. Этноқұндылық санатындағы бұл киім үлгілері қыз-келіншектеріміздің иманжүзділігін, инабатын, қорғанын, талғамын, дәрежесін, дәрежесін айшықтайды.

Шымкент еліміздегі сән өнері кең өріс алған шаһар. Сан түрлі этнос өкілдеріне құт қоныс болған қаламызда бірнеше тігін фабрикалары, сән ательелері жұмыс істейді. Киім үлгісінде ұлттық ою, орнаменттік элементтерін қолдану арқылы эксклюзивті өнімдер шығару жолға қойылған.

Сән өнерін тамашалаған қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын төмендегіше бөліп, сый-сияпатын табыстады:
Ергешбаева Дильбар - І-дәрежелі дипломмен;
Филипчук Анастасия - ІІ-дәрежелі дипломмен;
Бабаева Багуль - ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталып, үздіктер қатарынан көрінді.