Flu Dubai Шымкент-Дубай маршрутын ашып жатыр

0
1 120

Шымкент-Дубай-Шымкент рейсі аптасына екі рет сейсенбі және сенбі күндері Boing 737 ұшағы арқылы жүргізіледі.


Flu Dubai Шымкент-Дубай маршрутын ашып жатыр

ERNUR.KZ. 29 желтоқсаннан бастап Біріккен Араб Эмираттарының әуекомпаниясы Fly Dubai Дубай - Шымкент бағытында жүретін жаңа рейсін іске қосады, деп жазады Today.kz.

"Рейситің ашылуы Қазақстан мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың нығаюына, сондай-ақ осы жылы республикалық маңызы бар деп жарияланған Шымкент потенциалының дамуына ықпал етеді", – деп хабарлаған ҚР ІІМ азаматтық авиация Комитеті.

Шымкент-Дубай-Шымкент рейсі аптасына екі рет сейсенбі және сенбі күндері Boing 737 ұшағы арқылы жүргізіледі.

"Одан бөлек, жолаушылардың ыңғайлылығы және туристік кезең мен мейрам алдындағы уақытта сұранысты қанағаттандыру үшін Fly Dubai әуекомпаниясы 2019 жылдың көктемінен бастап Астана-Дубай-Астана маршруты рейсін төрттен беске дейін көбейтеді", – деп хабарлады ААК.