"Газ плитада тамақ қалып кеткен": Шымкентте ана мен бала түтінге толы пәтерден құтқарылды

0
490

Алдын ала болжам бойынша азаматша масаң күйде болып, ұйықтап қалған.


Шымкентте өрт сөндірушілер ана мен баланы уланудан сақтап қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, 7 тамыз күні сағат 14:48-де өрт туралы хабар түскен. Оқиға Еңбекші ауданы, 17 шағын ауданындағы №9 үйдің бір пәтерінде орын алған. Алғашқы жетіп келген өрт сөндіру бөлімінің мамандары үшінші қабаттағы пәтердің ішіне өрт сатысы арқылы кірген.
"Пәтердің асхана бөлмесінде газ плитада ыдыста тамақ қалып кеткен, салдарынан пәтер іші түтінге толған, өрт шықпаған. Өрт сөндірушілер 1979 жылғы азаматшаны және оның 3 жасар баласын қауіпсіз жерге шығарды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Алдын ала болжам бойынша, азаматша масаң күйде болып, ұйықтап қалған. Баланың жылаған дауысын естіген көршілер есігін қағады, бірақ ішінен ешкім жауап бермеген.
Оқиға орнында Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 4 дана техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері мен 1 дана техникасы жұмылдырылды.