"ICE- SCREAM VIII": Шымкенттік пікірсайысшылар жеңімпаз атанды

0
438

Аталған турнирге республикамыздың әр өңірінен 64 фракция қатысты.


Алматы қаласы NARXOZ университетінің ұйымдастыруымен өткен "ICE- SCREAM VIII" Республикалық жас пікірсайысшылар турнирінде шымкенттік пікірсайысшылар жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған турнирге республикамыздың әр өңірінен 64 фракция қатысты. Турнир нәтижесіне орай Шымкент қаласының намысын қорғаған 125 High School мектебі мен А.С.Пушкин атындағы №1 гимназия оқушылары 1-орынға ие болды. Жеңімпаздар NARXOZ университетінің 100%-дық 4 жылдық грант иегері атанды.