Игорь Крутой Шымкентте фестиваль өткізеді

0
92

​Бұған дейін фестивальдің Евровидениеге ұқсас халықаралық телевизиялық байқау сынды ұйымдастырылатыны туралы айтылған болатын.


Игорь Крутой Шымкентте фестиваль өткізеді

ERNUR.KZ. "Еуразия жүрегі" бірінші халықаралық фестиваліне дайындық туралы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин айтып берді, деп жазады sputniknews.kz.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің мәдениет және өнер саласындағы әріптестігі қарқынды дамып келеді. 2019 жылы Қазақстан-Ресей әріптестік жөніндегі үкіметаралық комиссиясының жанынан мәдени-гуманитарлық әріптестік бағытындағы шағын комиссия құрылды. Дипломат бұл 2019 жылдың айтулы оқиғаларының бірі екенін атап өтті.

"Шымкент – ТМД-ның 2020 жылдағы астанасы" атты ТМД мемлекетаралық бағдарламасы іске асырыла бастады. Шаралардың ауқымды жоспары бар. Оның аясында "Еуразия жүрегі" атты бірінші халықаралық фестиваль ұйымдастырылады", - деді Бородавкин Евгений Вахтангов атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық театрының астанадағы баспасөз мәслихатында.

Ресей президентінің халықаралық мәдени әріптестігінің арнайы өкілі Михаил Швыдкой фестиваль туралы айтқан.

"Евровидение" немесе "Славянский базар" байқауларына ұқсас, алайда Орталық Азияға арналған конкурс ұйымдастыру идеясы туындады. Бұл туралы Игорь Крутоймен сөйлестік. Ол келісіп отыр", - деді Швыдкой.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет