Илья Ильин шымкенттік жастармен кездесті

0
961

Илья Ильин ОҚМУ-дық "Құрметті профессоры" атанды.


Илья Ильин шымкенттік жастармен кездесті

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Шымкентке келіп, М.Әуезов атындағы ОҚМУ жастарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еріктілер жылына орай ұйымдастырылған жиында спортшы жас спортшылар және студенттермен ашық мұқбат құрып, спортта қалай жетістікке жету сырларымен бөлісті.

Жақын уақытта спорттағы мансабымды аяқтаймын деп жоспарлап отырмын. Алдағы уақытта өзімді спорт менеджері ретінде сынап көрсем деймін. Адам бұл өмірде бәріне дайын болу керек. Үйренуден жалықпаңыздар. Иә, қиын жағдайларды бастан кештік. Осындай сәтте қолдау көрсеткен өз жанкүйерлеріме, халқыма ризашылығымды айтамын, – деді Ильин.

Қайрат Еңбекшіұлы таяуда ғана Ташкентте өткен халықаралық ынтымақтастық турнирінде жеңімпаз болған спортшыға құрмет көрсетіп, оқу орнының «Құрметті профессоры» куәлігін табыс етті.