Ираннан келген 62 тонна қауіпті қияр жойылды

0
853

Қиярдың үлкен партиясынан қауіпті «Батыс гүлді трипс» вирустық зиянкесі анықталды.


Ираннан келген 62 тонна қауіпті қияр жойылды

ҚР АШМ Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Иран Ислам Республикасынан келген қиярдың үлкен партиясынан қауіпті зиянкестердің бірі – «Батыс гүлді трипс» вирустық зиянкесін анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ министрліктің сайтына сілтеме жасап.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынды. 62 тоннаға жуық қауіпті қияртәркіленіп, дереу жойылды.