«Ізгілікте жарысайық»: Шымкентте көпбалалы аналарға сертификаттар табысталды

0
566

Тігіншілікті меңгерген аналарға арнайы сертификаттар табысталды.


«Ізгілікте жарысайық»: Шымкентте көпбалалы аналарға сертификаттар табысталды

Шымкентте "SHANYRAQ" Отбасы институтын қолдау орталығы «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қорымен бірлесіп жасалған меморандум шеңберінде көпбалалы аналарға қолдау ретінде басталған 45 күндік тігіншілік курсы аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Курс сабақтары аптасына 3 күн 3 сағаттан өткізілді. Оқу курстарына белсене қатысып, тігіншілікті меңгерген 9 қатысушы аналарға арнайы сертификаттар табысталып, алдағы уақытта өз кәсібін дамытуға мүмкіндік берілді.

Бір жарым ай шамасында тігіншілік өнерін меңгерген қатысушылар өз жұмыстарымен таныстырып, пікірлерімен бөлісті.