Қайғылы оқиға: Шымкентте үш бала көліктің жүксалғышында тұншығып қалған

0
1 229

Екеуі оқиға орнында қайтыс болды, ал үшінші бала бүгін реанимацияда көз жұмды.


Қайғылы оқиға: Шымкентте үш бала көліктің жүксалғышында тұншығып қалған

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында үш жас бала автокөліктің жүксалғышында тұншығып, қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 19 мамыр күні Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 пультіне үш жас баланың автокөліктің жүксалғышында тұншыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері шықты. Анықталғандай ата-анасы болмаған балалар жүксалғышқа көтеріліп, есікті жауып алған содан кейін қайта шыға алмай тұншығып қалыпты. Екеуі оқиға орнында қайтыс болды, ал үшінші бала бүгін реанимацияда көз жұмды”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.