Қайрат Сатыбалдының экс-әйелі Шымкентте бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

0
409

Гүлмира Сатыбалды 747 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген.


Қайрат Сатыбалдының экс-әйелі Шымкентте бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды Шымкентте бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің мәліметінше, Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды 747 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген.

“Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.