Өтінімдер 2019 жылдың 2 қыркүйектен бастап 29 қарашаға дейін қабылданады.
"Қайырымдылық керуені" ІІ Республикалық конкурсының жеңімпаздары 2020 жылы "Алғыс айту" күні қарсаңында анықталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Аталмыш брифинг барысында конкурсқа өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 2 қыркүйектен бастап 29 қарашаға дейін қабылданатындығы, сондай-ақ, өнімдерді іріктеу жұмысы биылғы жылдың желтоқсан айында жүргізілсе, конкурстың жеңімпаздары 2020 жылдың ақпан айында "Алғыс айту" күні қарсаңында анықталатындығын Қазақстан Іскер Әйелдері Қауымдастығының Шымкент қаласы бойынша мүшесі Эльмира Созақбаева мәлімдеді.
"Жобаның мақсаты қайырымдылық идеяларды іріктеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту болып табылады. Бұл байқауға әлеуметтік қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен басқаларды мейірімділікке ынталандыруға үлес қосып жүргендерді жеке және заңды тұлғалар қатыса алады", - деді Қазақстан Іскер Әйелдері Қауымдастығының Шымкент қаласы бойынша төрайымы Эльмира Созақбаева.