ҚАЛА КҮНІ: Шымкенттік балаларға 100 батпырауық пен балмұздақ тегін тартылады

0
5 185

19-маусымда Шымкенттіктер "Қала күнін" тойлайды.


ҚАЛА КҮНІ: Шымкенттік балаларға 100 батпырауық пен балмұздақ тегін тартылады

Үшінші мегаполисте алғаш рет "Қала күні" мерекесі аясында "Жастық шақтың аспаны" батпырауық фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

19 маусым күні Шымкенттегі "Тәуелсіздік" саябағында сағат 17:00-де қала тұрғындары мен қонақтарын "Жастық шақтың аспаны" батпырауық фестиваліне шақырады. Онда бірінші келген 100 балақайға батпырауық пен балмұздақ тегін тартылатын болады.

Аталған фестиваль қала тұрғындары мен қонақтарына, әсіресе, балаларға мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.