​Кәмпитпен емдеп, бала көтертетін Шымкенттік емші (видео)

0
6 825

Шымкенттік емші Ұнсынай Маскеева бедеу әйелді кәмпитпен-ақ көтертеді.


​Кәмпитпен емдеп, бала көтертетін Шымкенттік емші (видео)

ERNUR.KZ. Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Facebook желісіндегі парақшасына бала аңсап жүрген әйелдерді емдеумен айналысатын Шымкентік әйелдің видеосын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Шымкенттік емші Ұнсынай Маскеева бедеу әйелді кәмпитпен-ақ көтертеді. Бес айға дейін УЗИ-ға түспе бала өссін дегенге сенген келіншектің бірі И. бес айдан кейін барса жатырда бала тұрмақ бақа да жоқ.
«Жоқ, 12 жыл көтермеген баланы осы емшінің дәрісін ішіп көтердім» дейді тағы біреу.
Кім не біледі?
Әзірге редакцияға келіп түскен хат арасында даттау да, мақтау да көп. Бір сеанстан 200 мың, келесіде 500 мың теңгені қалтаңнан қағып алады. Ал пластик құтыға не целлофан мүшекке оралған дәрі-дәрмектің фотосын көріп шошып отырмын өз басым», – дейді журналист.