Карантин талаптарын сақтамаған сауда нысандарына айыппұл салынды

0
605

Карантин режимін бұзған 143 сауда нысанына хаттама толтырылып, айыппұл салынды.


Карантин талаптарын сақтамаған сауда нысандарына айыппұл салынды
Шымкент қаласының аудан аумақтарында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жұмысшы топ құрамына аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ішкі істер органдары және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері енген.
Жұмысшы топ аудандар аумағындағы халық көп шоғырланатын орындарда, ірі сауда орындары, базарлар мен қоғамдық көліктерде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізді. Еңбекші ауданында 20 шілдеден бастап карантин режимін бұзған 143 сауда нысанына хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Жалпы қалада бұл бағыт бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.