Карантиндік шаралар ұзартылады

0
2 657

65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылды.


Карантиндік шаралар ұзартылады

Шымкентте карантин шаралары 22 ақпаннан 8 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаевтың жаңа қаулысында айтылды. «Шымкент аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 22 ақпан сағат 00.00 - ден 2021 жылғы 8 наурыз сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын» деп бекітілген.

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық, той және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылды. Сонымен қоса Шымкент қаласының тұрғындарына әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде кию міндеттелді.