​«Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали»: Шымкентте әдеби-жыр кеші өтті

0
385

Кеш барысында Мұқағали өлеңдері оқылып, ән айтылды.


​«Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали»: Шымкентте әдеби-жыр кеші өтті

Шымкент қаласында «Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали» атты әдеби-жыр кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара Шымкент қаласы жасөспірімдер кітапханасында «Парасат жолы» жобасы аясында өткізілді.

Аталған шара өз заманының қайталанбас ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Кеш барысында Мұқағали өлеңдері оқылып, ән айтылды.

Сонымен қатар, осы кеште К.Зұлпыхарова және Р.Сейдалиева Мұқағали әндерін айтып көпшілікті тамсандырды. Іс-шараға байланысты Н.Сейдахметова көрме ұйымдастырды.