"Қазақтың Данагөй абызы": Шымкентте жастар арасында дөңгелек үстел өтті

0
1 008

Дөңгелек үстел барысында жастар Ұлы жүздің биі Төле бидің өмірбаяны және шығармашылығымен танысты.


Шымкент қаласында Ұлы жүздің биі Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл толуына орай, жастар арасында «Қазақтың Данагөй абызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шара Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығы мен «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» КММ-не қарасты №2 бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында жастар Ұлы жүздің биі Төле бидің өмірбаяны және шығармашылығымен танысты. Сондай-ақ, ел арасында Төле биге қатысты тараған нақыл сөздер мен мақал мәтелдер, билік кесімдерімен де таныс болды. Іс-шара барысында Төле бидің даналық жырлары жатқа оқылды.
Айта кетейік, Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Политехникалық колледжінде «Отбасың — алтын діңгегің» атты жастар арасында кездесу өткізілді. Аталған кездесуге Әл-Фараби аудандық аналар кеңесінің төрайымы Тұрсынай Барлыбаева мен аналар тобының мүшелері Салима Бейсебаева, Разия Құлымбетова, Ләззат Сейдазимова, Райхан Нарымбаева, Жастар ресурстық орталығының психология бөлімінің басшысы Айгүл Шымтөреева және колледж студенттері қатысты.
Кездесуді ерекше форматта ұйымдастырдық. Ақ жаулықты аналар ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді, отбасы құндылығын, отбасындағы еркек пен әйелдің рөлін сахналық көрсетілімдермен ұғындырды. Қазіргі таңда жас отбасылар арасында ажырасу жағдайы жиі кездеседі. Бұл мәселені шешу үшін әрбір отбасындағы ерлі-зайыптылар бір-біріне түсіністікпен қарап, бір-бірін сыйлай білу керек. Бүгінде отбасындағы ер адамға қарағанда әйелдің рөлі басымырақ. Қандай жағдай болмасын, қай кезде де еркек адам әйелден бір саты жоғары тұрады. Сол кезде отбасында ата-ана, балалары да әрқашан тату-тәтті өмір сүреді. Жастармен бірлесе дайындаған сахналық көріністе осы ойлардың бәрі айтылады. Мұның өзі жастарға ой салып, тәлім-тәрбие береді деген ойдамын, - деді Айгүл Шымтөреева.
Бұл бағыттағы кездесулер алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.