Кез келген тұрғын көмірді қалаған мөлшері мен уақытында сатып ала алады

0
3 029

Бір тонна «қара алтынның» құны 9 000 теңгеден 14 900 теңгеге дейінгі аралықта саудалануда


Кез келген тұрғын көмірді қалаған мөлшері мен уақытында сатып ала алады

иллюстрациялық фото: mail.kz

ERNUR.KZ. Шымкентте көмір қоры жеткілікті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласындағы көмір қоры анықталды.

Атап айтсақ, Қаратау ауданының базасына 50 мың тонна көмір жеткізілген. Кез келген қала тұрғыны көмірді қажетті мөлшерде әрі ыңғайлы уақытында сатып ала алады. Бір тонна «қара алтынның» құны 9 000 теңгеден 14 900 теңгеге дейінгі аралықта саудалануда.

Аталған отын базасы Қаратау ауданының Тассай шағынауданында орналасқан. Ол көмірді әлі күнге табиғи газбен жабдықталмаған елді мекен тұрғындары пайдаланады.

Сондай-ақ, бюджеттік мекемелерге келсек, көмір бірінші кезекте мектептерге жіберіледі. Қазіргі таңда өтініштердің 80 пайызы қанағаттандырылған.

Айта кетейік, бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің instagram парақшасында жарияланған.