«Халық қатысатын бюджет»: Биыл Шымкентте 160-қа жуық жоба іске асырылады

0
610

Жобаға 4 773,5 миллион теңге қарастырылып отыр.


«Халық қатысатын бюджет»: Биыл Шымкентте 160-қа жуық жоба іске асырылады

Шымкент қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы тиімді іске асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізде халықтың мемлекеттік қаржыны басқару мен бақылауға қатысуына бағытталған бастамалар қолға алынған. Соның бірі – «Халық қатысатын бюджет» жобасы.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы тиімді іске асырылып жатыр. Оның ауқымын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс», - делінген мемлекет Басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында.
Осы орайда, үшінші мегаполисте де аталған жоба аясында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бұл орайда тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы жергілікті бюджеттің қалыптасуына да өз үлестерін қосып жатыр.
«Халық қатысатын бюджет» жобасымен 2021 жылдан бері аудан әкімдіктерінде халықтың қатысуымен жаңадан балалардың ойын, спорт алаңшалары, демалыс аймақтары ашылды.
2022 жылдың өзінде қала аумағында 158 жобаға 3 901,8 миллион теңге қаралған. Бұл өз кезегінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық функционалдық тобы қаржысының 7,3 пайызын құрайды.

Сондай-ақ, өткен жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 11 – кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды. 2023 жылдың І-кезеңмен 26 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 1 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекемелер жұмыстарын жүргізуде.

Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 154 жобаға 4 773,5 миллион теңге қарастырылып отыр.

Айта кетейік, бүгінде тұрғындар тарапынан көшелерді жарықтандыру, балалар алаңшасын жөндеу, қоқыс урналарын орналастыру бойынша ұсыныстар келіп түскен.