​«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

0
628

"Әділетті қоғам орнатудың басты алғышарты – заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету".


​«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы сәтті жүзеге асырылуда. Шымкенттің республикадағы үшінші мегаполис деген атына лайық, экономикасы мен инфрақұрылымы дамыған, халықтың өмір сүруіне қолайлы заманауи шаһарға айналуы үшін бұл тұжырымдаманың қосар үлесі мол.

Қала әкімдігі ай сайын азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізу тәжірибесін енгізді. Сонымен қатар, шаһар басшысы тұрғын алаптар мен шағынаудандарды да тұрақты түрде аралап, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, өзекті мәселелерді дер кезінде шешіп келеді. Бұл – билік пен бұқараның байланысын нығайтатын нақты қадам деп ойлаймын. Өйткені Шымкент қаласында тұрғындардың 70 пайыздай жеке секторда тұрады. Қалаға кейіннен қосылған 40 елді мекен бар. Бұл қаланың инфрақұрылымын дамытуды қажет етеді. Осы ретте қалада тұрғындарды таза ауыз сумен, табиғи газ, жол және сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі шешімін табуда.
Тұжырымдаманы іске асыруда «Ашық үкімет» жобасын атап айтуға болады. Оның мақсаты – ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Мәселен, «Ашық диалог» порталы мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланысты орнатуға арналған.
Әділетті қоғам орнатудың басты алғышарты – заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Бұл ретте шаһарда жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуда «Заң керуені» акциясы да ұйымдастырылуда.
Шымкент қаласында Мемлекет басшысының саяси реформалары 2019 жылдан бері сәтті іске асырылып келеді. Халықпен тікелей байланыс орнатып, қоғамдағы ең өзекті мәселелермен танысу, олардың заң аясында шешімін табуына ықпал ететін бұл жобаның әлі де берері мол.
Тарих ғылымдарының кандидаты,
доцент, Анарбаев Қайрат Сапарханұлы.