«Көк тудың желбірегені»: Шымкентте патриоттық форумның жеңімпаздары марапатталды

0
1 050

Форум барысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.


«Көк тудың желбірегені»: Шымкентте патриоттық форумның жеңімпаздары марапатталды

Шымкентте 25 қазан — Республика күні мерекесіне орай, «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық форум өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айтулы іс-шараны Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Серпіліс» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Форумда басқарма басшысы сөз сөйлеп, көпшілікті Республика күні мерекесімен құттықтады.

Республика күні — еліміздің әрбір азаматы үшін айтулы мереке. Бұл — ата-бабамыздың арманы орындалып, еркіндікке қол жеткізген күн. Осыған орай қаламызда мемлекеттік рәміздерді насихаттау, мемлекеттік Туымызды дәріптеу, оның қадірін жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында осындай патриоттық форум ұйымдастырылып отыр, — деді Мұратжан Шүкірханұлы.

Жиында медицина ғылымдарының докторы, профессор Иманәлі Байдәулетов пен ҚР Қарулы күштерінің Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Омбаев бастаған ел ағалары сөз сөйлеп, жастарға Тудың қадірі мен Отанға адал қызмет ету туралы өнегелі әңгімелерін айтты.

Айта кетейік, форум барысында мемлекеттік туды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Үздік пост», «Үздік бейнеролик» және «Үздік іс-шара» байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында Республика күніне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» атты республикалық форумы басталды.

Аталған форум Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен өтуде.

«Қайырымдылық керуені» форумының мақсаты - балалар шығармашылығын қолдау және дамыту, мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке жетістіктерін тәрбиелеу және дамыту. Сонымен қоса, тұлғаның үйлесімді дамуы және қазіргі қоғам жағдайында сәтті әлеуметтену үшін қажетті нәтижелерге қол жеткізу мақсатында өткізіліп жатыр.