​«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының басшылығы мен қызметкерлері сотталды

0
511

Сотталғандарға жалпы сомасы 18 миллион теңгеден астам айыппұл түрінде жаза тағайындалды.


​«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының басшылығы мен қызметкерлері сотталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының басшылығы мен қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент қаласы бойынша филиалының басшысы А.Арысбаев, филиалдың еңбек қатынастары жөніндегі инспекторы, сондай-ақ ҚТЖ Ұлттық компаниясы Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің жетекші маманы Б. Арысбаева және басқалар парақорлық үшін сотталды", - делінген жазбада.
Аталған адамдар туыстары мен таныстарын жұмысқа орналастырғаны үшін, сондай-ақ қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін жүйелі түрде 20 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алған.
Сотталғандарға жалпы сомасы 18 миллион теңгеден астам айыппұл түрінде жаза тағайындалып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.