«Күміс қалам»: Шымкентте жас ақындар арасында республикалық байқау өтеді

0
662

Аталған байқауға республиканың 14 пен 29 жасқа дейінгі 30 айтыскер мен 30 жазба ақыны қатысуға ниет білдірген.


«Күміс қалам»: Шымкентте жас ақындар арасында республикалық байқау өтеді

Шымкент қаласында жас ақындар арасында республикалық байқау өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Бүгін Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаев пен ақын, «Дарын» сыйлығының иегері Біржан Байтуовтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында ақын, «Дарын» сыйлығының иегері Біржан Байтуов «Күміс домбыра» айтысы мен «Күміс қалам» поэзиялық кешінің ерекшелігіне тоқталды.

Байқаудың ерекшелігі – қатысушылар Оңтүстік туралы 1 өлең оқуға тиіс. Яғни өңірімізге арналатын өлеңдердің қатары көбейеді. Сондай-ақ, Айтыс нәтижесі бойынша 16 ақынның ішінен оза шапқан жеңімпаз күмістен жасалған домбыраға және бағалы сыйлыққа ие болады, – деді Біржан Ғаниұлы.
Сонымен қатар, поэзиялық кеш 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде 20 ақын бір-бір өлеңнен оқиды. Ширек финалдық кезеңге 12 ақын жолдама алады. Яғни, 6 жұп өнер керсетіп, әр ақын 2 өлеңнен оқиды. Жеңімпаздарға жартылай финалға жолдама беріліп, 3 (6 ақын) жұп өнер көрсетеді. Әр ақын 3 өлеңнен оқиды. Жеңімпаз атанған 2 ақын финалда жолығады. Ал қалған 4-еуі әдеби сыйлықтың лауреаты атанады. Сондай ақ финалдық кезеңдегі екі ақын 5 өлеңнен оқиды. Финалдың жеңімпазы «Күміс қалам» иесі, ал финалист бір ақын әдеби сыйлықтың лауреаты атанады.
Айта кетейік, байқаудың негізгі мақсаты - жас таланттар мен оқырмандардың, әдебиеттегі аға буын мен жас толқынның пікірлес орта табуына арқау болу және олардың өнерге деген құштарлығын арттыру.