Құс тұмауына қарсы екпе егу басталды

0
1 080

Бүгінде Шымкентте құс тұмауы тіркелмеді және эпизоотиялық ахуал тұрақты.


Құс тұмауына қарсы екпе егу басталды

Шымкентте құс тұмауының алдын алу мақсатында үй құстарына жаппай екпе жасалуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тарапынан ауруға қарсы 33 173 доза екпе бөлінді.

Вакциналар қаладағы 6 ветеринариялық бекетке таратылып, су қоймаларына жақын орналасқан үй құстарына тұмауға қарсы екпе басталды. Алда тағы қосымша 70 000 доза екпе босатылатын болады.

Бүгінде Шымкентте құс тұмауы тіркелмеді және эпизоотиялық ахуал тұрақты екенін хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.