"Қыс – 2022": Шымкентте практикалық іс-шара өткізілді

0
827

Практикалық іс-шара барысында "ҚТЖ" ҰК " АҚ бөлімшелері мен Шымкент қаласы ТЖ департаментінің ЖЖМ төгілу кезіндегі өртті сөндіру барысындағы өзара іс-қимылы пысықталды.


Шымкентте "Қыс – 2022" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында бірнеше практикалық іс-шаралар өткізу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Республикалық оқу-жаттығудың кіріспесіне сәйкес Шымкент қаласында коммуналдық-техникалық желілер мен темір жол көлігінде апаттар орын алды.

Темір жол айрығында тепловоз машинисті қателік жіберіп, мазутпен толтырылған 30 цистернасы бар т/ж составы рельстен шығып кетті, бір цистернадан жанар-жағар май төгіліп, соңынан өрт шығады.

Оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес, станса бойынша кезекші маневрлік жұмыс кезінде жанар-жағар май төгіліп, кейіннен өрт шығып,цистерна жолдан шыққаны туралы ақпарат алады.

Темір жол стансасының басшылығы өрт поезын және ВП-39 қалпына келтіру поезын көтеру туралы шешім қабылдайды. Шымкент темір жол стансасының барлық жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды.

Бірден қауіпті аймақ периметрдің айналасында қоршалды.

"Жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдары келеді. Өрт сөндіру пойызы мен өрт сөндіру бөлімдері өртті сөндіруге кіріседі. Бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесінде өрт 30 минутта ауыздықталып, толық сөндірілді. Сонымен қатар, Шымкент стансасының қалпына келтіру пойызының бригадасы ЖЖМ бар 1 цистернаның рельстен шығу салдарын жоюға кірісті. Үйлесімді жұмыс нәтижесінде барлық пойыз рельстерге қойылды", - делінген хабарламада.

ТЖ салдарын жою үшін ҚТЖ АҚ күштері мен құралдары жұмылдырылды: 50 адам, жолаушыларды эвакуациялауға арналған 7 бірлік техника және 4 арнайы техника, оның ішінде АЦ-40 автоцистернасы, 1 өрт пойызы және кран қондырғылары бар 2 бірлік техника.

Өртті сөндіру үшін Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 20 адам және 3 бірлік техникасы тартылды.

Практикалық іс-шара барысында "ҚТЖ" ҰК " АҚ бөлімшелері мен Шымкент қаласы ТЖ департаментінің ЖЖМ төгілу кезіндегі өртті сөндіру барысындағы өзара іс-қимылы пысықталды.