​ҚЫЗЫЛШАМЕН КҮРЕС: ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТТІ АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛЫ - ВАКЦИНА

0
513

Шымкент аумағында күн сайын тұрғындар арасында қызылша аурушаңдығы белең алуда.


​ҚЫЗЫЛШАМЕН КҮРЕС: ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТТІ АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛЫ - ВАКЦИНА

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында қызылша ауруын 3021 адамның жұқтырғаны анықталды. Науқастар арасында 2568 жағдай, яғни 84,9%-ы 14 жасқа дейінгі балалар болса, оның ішінде егілмеген балалар саны -2683, яғни 88,8% құрап отыр. Анықталған ошақтарға тергеп-тексеру жүргізіліп, қаулылар шығарылды, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Биылғы 10 айда қала бойынша қызылша, қызамық, эпидпаратитке қарсы жоспарлы екпенің 1-компонентін 12-15 айлық 25356 бала және 2-компонентін 6 жастағы 24029 бала алған.
Қала аумағында күн сайын тұрғындар арасында қызылша аурушаңдығы белең алуда. Жұқпалы дерт 20 вакцинамен басқарылатын және бұғатталатын инфекциялар қатарына жатады. Ал екпе алмағандар мен вакцинадан бас тартушылар көбейсе, ұжымдық иммунитет төмендейді.
Ал дін саласының мамандары да Исламда екпеге тыйым салынбайтынын, әрбір адамға ауруды алдын алу жолдарын іздеу міндеттелетінін айтуда. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі шығарған үкімінде де аурудың алдын алу мақсатында вакциналаудың мүбах (рұқсат) екені, кәсіби мамандардың нұсқауымен қолда бар екпені қабылдауға рұқсат етілетіні айқындалған.