​«Маскүнемдікке қарсы күрес»: Шымкентте Ашық есік күні өтіп жатыр

0
673

Сондай-ақ, шара аясында салаға жауапты мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел өтуде.


​«Маскүнемдікке қарсы күрес»: Шымкентте Ашық есік күні өтіп жатыр

Бүгін Шымкент қалалықпсихикалық денсаулық орталығына қарасты емханасында Ашық есік күні өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Халықаралық маскүнемдікке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған шарада тұрғындарға нарколог, терапевт, психолог мамандары кеңес беріп, медициналық көмек көрсетуде.

Сондай-ақ, шара аясында салаға жауапты мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел өтуде.

«Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігерлері Шымкент қаласындағы барлықмектептерінде алдын-алу шаралары бойынша жұмыстар жүргізеді. Жұмыс маскүнемдіктіалдын алуға бағытталған. Психикалық денсаулық орталығы неврология, психиатрия және психология кафедрасы, үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп студенттер арасында маскүнемдікті алдын-алу жұмыстарын өткізеді. Бұл әлем жаулаған дертпен ұлт болып күресуіміз керек», - делінген баспасөз хабарламасында.

Ашық есік күні бүгін кешкі 17:00-ге дейін жалғасады.

Айта кетейік, Шымкенттік дәрігерлердің сырқаттарды емдеуде тағы бір мүмкіндігі артты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен алғаш рет қаладағы клиникалық балалар ауруханасында отоларингология бөлімшесі ашылды.

Енді құлақ мұрын ауруларын емдеуде жергілікті ақ халаттылар бұрынғыдай науқастарды Астана мен Алматы қаласына жібермей ақ өздері сауықтыра алады.

Отоларингология өлімше 20 төсек орынға лайықталған. Мұнда дәрігерлер құлақ, тамақ, мұрында кездесетін ауру түрлеріне диагностикалық тексерулер жасап, толық емдеу жұмыстарын жүргізеді.

Жаңадан ашылған бөлімшедегі дәрігерлероперация жасауға да бейімделген. Соның арқасында дәрігерлер бұрынғыдай лор аурулары бар науқастарды Астана мен Алматы қаласынажібермей ақ өздері ота жасауда. Дәрігерлердің сөзінше, құлақ мұрын ауруына шалдыққан науқастардың басым бөлігі операциянықажет етеді екен.Мәселен, соңғы бір айдың ішінде бөлімшеде емделіп шыққан науқастардың 90 пайызына дәрігерлдер ота жасаған.