Мегаполис тұрғындарына қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

0
130

Шымкент қаласының әкімдігі құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп, адам қарасы көп жерлерде дыбыскүшейткіш құралдың көмегімен сақтық шаралары туралы ақпараттар беруде.


Мегаполис тұрғындарына қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Шымкент қаласында енгізілген қосымша шектеу шаралар туралы халықты құлақтандыру жұмыстары 2020 жылғы 29-30 наурыз аралығында ұйымдастырылып, қала аумағында 19 сауда орындарын, 4 елді мекендерді (Ігілік, Көкбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Жаңаталап), 5 көшені қамтыды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының әкімдігі құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп, адам қарасы көп жерлерде дыбыскүшейткіш құралдың көмегімен сақтық шаралары туралы ақпараттар беруде.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің автокөлігімен адам көп жүретін көшелерде, аулалар мен базарларда, қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын сақтау туралы айтылып, оқыс жағдайда үрей туғызбау, көпшілік орындарға бармау, жалған ақпарат таратпау, мүмкіндігінше үйде отыру жайлы түсіндірілуде.

Еске сала кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12 блок бекеті қойылған. Блок бекеттерде медицина мамандары халықты ақпараттандыру, азаматтардың қозғалысын бақылап, дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын өлшейді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет