«Менің Отаныма – менің бастамам»: Шымкенттік оқушылар жүлдеге ие болды

0
572

Байқау жалпы 10 номинациядан тұрады.


«Менің Отаныма – менің бастамам»: Шымкенттік оқушылар жүлдеге ие болды

Елімізде «Балалар жылына» орай, онлайн форматта «Менің Отаныма – менің бастамам» атты республикалық шығармашылық жобалар байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған байқаудың мақсаты - дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған, балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.
Байқау жалпы 10 номинациядан тұрады. Ережеге сәйкес қалалық іріктеуден өткен жеңімпаздар республикалық кезеңге қатысып, 10 номинация бойынша шығармашылық жобаларын қорғады.
Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейдің оқушылары Сұлтанбек Арман «Отаным - қасиетті туған жерім» номинациясы бойынша ІІ орын және Рысбеков Дайырбек «Менің ашық университеттерім» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленді.