​Мұғалім болу үшін: Шымкент тұрғыны алаяққа миллион теңге берген

0
393

Тексеру барысында әйелдің басқа да ұқсас қылмысқа қатысы бар екені анықталды.


​Мұғалім болу үшін: Шымкент тұрғыны алаяққа миллион теңге берген

Шымкент тұрғыны мектеп мұғалімі болу үшін алаяққа миллион теңге берген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алаяқтық туралы арызбен мегаполис полицейлеріне 27 жастағы азаматша жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, аз ғана уақыт таныған әйел оған оқу орындарының біріне жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде берген. Бұл қызметін қаскүнем 1 млн теңгеге бағалаған.
Аталған жайтты Тұран АПБ тергеушілері СДТБТ-не ҚК-нің 190-бабымен тіркеді. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларына дереу кірісті.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 36 жастағы күдікті тұрғылықты жері бойынша ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Тексеру барысында әйелдің басқа да ұқсас қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Ол тағы бір азаматшаны «мемлекеттік бағдарламамен кезексіз пәтер мен бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант алып беремін» деп, бір жарым миллион теңгеге сан соқтырған.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның нәтижесінмен іс бойынша процестік шешім қабылданады.