Мұрат Әйтенов: Балалардың қауіпсіз білім алуы - басты міндет!

0
543

Мектеп келесі жылы пайдалануға беріледі.


Мұрат Әйтенов: Балалардың қауіпсіз білім алуы - басты міндет!

Шымкент қаласындағы Құрсай шағын ауданында жаңа білім ошағының құрылысы жүруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мектеп 0,60 гектар аумақты алып жатыр. 600 орынға лайықталған білім ордасын жеке кәсіпкер өз есебінен жүргізуде. Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай мектепке ғұламаның есімі берілмек.

Шымкент қаласының әкімі аталған жаңа мектептің құрылыс барысымен танысты.
- Балалардың қауіпсіз ортада білім алуы – басты міндетіміз. Бәсекелестікке төтеп берер ұрпақты өсіргіміз келсе олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасалу керек, - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Мектеп келесі жылы пайдалануға беріледі. Қала әкімі сыныптарды аралап, құрылыстың әрібір бөлігіне жіті мән берді. Сонымен қатар, оқу бөлмелерінің заманауи техникалармен қамтылуына да баса назар аудару керектігін айтты.