Мұрат Әйтенов “Болашақ-7” зауытының тыныс-тіршілігімен танысты

0
705

“Болашақ-7” ЖШС өнімін Қазақстан нарығына сатудан бөлек, Қырғызстан мен Өзбекстанға экспорттауда.


Мұрат Әйтенов “Болашақ-7” зауытының тыныс-тіршілігімен танысты

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов “Болашақ-7” өндіріс ошағын аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған зауыт “Бизнестің Жол Картасы -2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы “Тассай” индустриялды аймағынан бой көтерген. Қазіргі таңда мұнда айына 34 473 600 дана энергетикалық сусын мен шырындардың түр-түрі шығарылуда.
Құрылысына 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған зауыт соңғы заманауи қондырғылармен жабдықталған. 37 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Өнімге пайдаланылатын шикізаттың 80 пайызы өз елімізде өндіріледі. Зауыттың сусын өндіру саласындағы тәжірибесі 25 жылға жуықтайды.
“Болашақ-7” ЖШС өнімін Қазақстан нарығына сатудан бөлек, Қырғызстан мен Өзбекстанға экспорттауда.
Зауыт басшылығы өнім көлемін қазіргісінен де арттырып, кеңеюді көздеп отыр. Бұл бастамасын қолдаған қала әкімі тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.