Мұрат Әйтенов: "Қаладағы 63 елдімекенде кәріз жүйесі жоқ"

0
994

Осы жылы Шымкентте 44 400 тұрғын ауыз сумен қамтылады.


Мұрат Әйтенов:

Мұрат Әйтенов 2020-2022 ж. Шымкенттегі 13 елді мекенде кәріз жүйелері жүргізіліп, 102,3 мыңнан астам халық кәрізбен қамтылатындығын өзінің халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қаланың инфрақұрылымдық жағдайы бойынша түйткілді мәселелердің әлі де шешілмей тұрғандығын қала әкімінің өзі де мойындады.

«Халық санының жедел өсуі (соңғы 5 жылда 176 мың адамға өсті), көршілес аудандардан инфрақұрылымы нашар 41 елдімекеннің қалаға қосылуы және қала құрылысының қарқынды дамуына байланысты магистралды инженерлік жүйелердің жетіспеушілігі бұл жағдайға әсер етіп отыр. 2017-2019 жж. аралығында 9 елдімекен ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал 2020 жылы тасымалмен қамтылған 8 елдімекеннің мәселесі шешіледі. Жартылай қамтылған 10 елдімекенде құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 44 400 халық ауыз сумен қамтылады. Кезекі өзекті мәселе – кәріз жүйесі. Қаладағы 63 елдімекенде кәріз жүйесі жоқ. Магистралды жүйелердің қуаттылығы жеткіліксіз. 2020-2022 ж. 13 елді мекенде кәріз жүйелері жүргізіліп, 102,3 мыңнан астам халық кәрізбен қамтылады», - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, қала әкімі тұрғынүй мәселесін де тілге тиек етті. Оның мәлімдеуінше, тұрғын үймен қамтылу көрсеткіші 1 адамға шаққанда 24 пайызды құрайды. Қазір қалада 140 мыңнан астам азамат үй кезегінде тұр. Оның ішінде, 5 мыңнан астамы көпбалалы отбасылар екен.

Мұрат Әйтеновтың айтуынша, 2020-2022 ж.ж. 652 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 32 816 қала тұрғындарына пәтер беріледі.

Сондай-ақ, осы жылы 590 автобус сатып алынып, қоғамдық көлік бағыттарын жаңа форматқа көшірілетінін жеткізді.