Мұрат Әйтенов қаладағыайналма жолдардың құрылыс жұмыстарын қадағалады

0
405

Айналма жолдар транзиттік көліктердің қала сыртымен жүруіне мүмкіндік береді


Мұрат Әйтенов қаладағыайналма жолдардың құрылыс жұмыстарын қадағалады

Шымкент қаласы маңындағы ірі жол-көлік инфрақұрылымының бірі – Оңтүстік айналма жолы және А-2 айналма тас жолының құрылысы жүріп жатыр. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған жол құрылысының қарқынын қадағалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оңтүстік айналма жолыныңың құрылысы Леңгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты қамтиды.
Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын айналма жол барлық транзиттік көліктерді қала сыртымен жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады. Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде.
Жоба бойынша көшенің ені 9 метрді құрайды.
Бүгінде Шымкент-Ташкент жолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жолдың негізі дайындалған. Жол құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып отыр. Бұл жоба қаламыздың инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы қажетті жобаның бірі болып есептеледі.
Нысан басына барған Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыстың сапалы орындалуын басты назарға алуды және жоспарға сай жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар Ташкент - Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары атқарылуда. Аталған жол 31 шақырым, 8 кезең бойынша жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысан басына барып, жұмыс барысын бақылады. Бүгінде 1-ші және 3-ші кезеңінің құрылыс жұмыстары мен Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталды.
Биылғы жылдың шілде айында Ынтымақ шағын ауданына баратын жол қиылысынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты қамтитын 2-ші кезеңі толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін 4-ші кезеңді толығымен аяқтау жоспарланып отыр.
А-2 айналма тас жолының 4 кезеңі Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейінгі аралықты қамтиды.
Жалпы ұзындығы 1,86 шақырымды құрайтын автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Жолдың екі жағынан да арық, жасыл аймақ, тротуар салу, көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары 82% пайызға орындалды.