Мұрат Әйтенов өнеркәсіп орындарын аралады

0
504

Жаңадан құрылып жатқан «Жұлдыз» индустриялық аймағына барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.


Мұрат Әйтенов өнеркәсіп орындарын аралады

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы өнеркәсіп орындарын аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңадан құрылып жатқан «Жұлдыз» индустриялық аймағына барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

Жалпы аумағы 306 гектар аймаққа инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жаңа индустриялық аймақта машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. 200 млрд. теңгеден астам қаржыға 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске аспақ. Қазіргі таңда 100 млрд. теңге тұратын 17 жобаға жер телімдері бөлінді.

Қала әкімі іске асырылатын әрбір жобамен танысып, өзекті мәселелерін талқылады. Тиісті басқарма басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралады. Соның бірі – «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан Орталық Азияда теңдесі жоқ алюминді банкілер шығаратын зауыт.

«KazALPack» ЖШС-ның көлемі 6 гектар. Инвестициялық жобаның құны - 23,4 млрд. теңге. Жылына 500 млн қақпағы бар банкі шығаруға қауқарлы кәсіпорын 157 адамды жұмыспен қамтып отыр. 80 пайыз ішкі нарыққа, 20 пайыз сыртқы нарыққа шығарылады. Өткен айда техникалық пайдалануға берілді. Өндірілген өнім елге келген импорттың 60 пайызын алмастырады.

Айта кетейік, Шымкентте биыл шыныдан шыны конструкциялар өндіретін жаңадан «Авангард» зауыты ашылады. 5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба жүзеге асқанда 50 жаңа жұмыс орны құрылады. Толығымен ішкі нарықты қамтиды. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталған. Құрал-жабдықтар орналастырылуда. Сонымен қоса, қара қорғасын және цемент мыс өндіретін зауыт – 8 млрд теңгелік инвестициялық жоба 2023-2024 жылдары жүзеге асырылады. Арнайы экономикалық аймақтан 5 га аумақ берілмек. Жылына 8 мың тонна өнім өндіретін кәсіпорын іске қосылса 350 адам жаңа жұмысқа орналасады. Құжаттарын рәсімдеу бойынша тиісті министрлікке өтініш жолданған.