Мұрат Әйтенов шағын аудандарда орналасқан қазандықтарды тексерді

0
450

Қала әкімі «Шымсити» шағын ауданына барып, жылу мамандарының жұмысын пысықтады.


Мұрат Әйтенов шағын аудандарда орналасқан қазандықтарды тексерді

Күннің күрт суытуына байланысты жылу жүйелерінде ақаулықтар туындамау үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов шағын аудандарда орналасқан қазандықтардың жай-күйін қатаң тексеруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұрат Дүйсенбекұлы «Шымсити» шағын ауданына барып, жылу мамандарының жұмысын пысықтап, халыққа қолайлы жағдай жасау үшін қазандықтардың температурасын көтеруді тапсырды.
«Қуатжылуорталық-3» мекемесіне қарасты 1 және «Әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясына» қарасты 2 модульді жылу қазандығының құрылысымен танысты.
«Қуатжылуорталық-3» мекемесіне қарасты қазандық Шымситидегі 37 көп қабатты тұрғын үйді, заңды тұлғаларға қатысты 1 ғимаратты жылумен қамтамасыз етеді. Қазандықтар «BOSCH UNIMAT UT-L30» маркалы 3 дана құрылғымен жабдықталған.
«Green City» мен «Damdes Otau» тұрғын үй кешендеріне қарасты модульді 2 қазандыққа «ART Boilers» маркалы 5 қондырғы орнатылған. Сол арқылы 9 көп қабатты тұрғын үй жылумен қамтылады.