Мұрат Әйтенов Шымкент қаласын дамытудың 5 ортақ мақсатын атап өтті

0
2 485

Тұрғындар санының қарқынды өсіп келе жатқанын айтты.


Мұрат Әйтенов Шымкент қаласын дамытудың 5 ортақ мақсатын атап өтті

Шаһар басшысы қала тұрғындарының алдында тұрған бес ортақ мақсатты атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов есепті кездесуінде қала тұрғындарының алдында тұрған бес ортақ мақсат жөнінде баяндады.
Атап айтқанда адами капиталды өсіру, инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, баспаналы болу, халыққа қолайлы қала құру.
Мұрат Әйтенов: «Шымкент қаласының тұрғындары жұмылуға тиіс басты мақсат – адами капиталды өсіру. Адами капиталдың маңызын пандемия тағы бір рет көрсетіп берді. Сапалы білім мен денсаулық саласы, салауатты өмір салты, мәдени-рухани даму – осылардың бәрі міне адами капиталдың басты өлшемі» - деді.
Шымкент қаласының артықшылығы ретінде тұрғындар санының қарқынды өсіп келе жатқанын айтты. Осы артықшылықты үлкен мүмкіндікке айналдыру үшін 5 ортақ мақсатты жүзеге асыру аса маңызды екенін жеткізді.