Мұрат Әйтенов Тұран шағын ауданындағы үйлердің құрылысын тексерді

0
426

Қала әкімі сала басшыларына жұмыстың мерзімінде орындалуын қадағалауды тапсырды.


Мұрат Әйтенов Тұран шағын ауданындағы үйлердің құрылысын тексерді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұран шағын ауданындағы жаңадан бой тіктеген тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексеріп, мердігер мекеме басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, сала басшыларына жұмыстың мерзімінде орындалуын қадағалауды тапсырды.
Мұндағы 176 пәтер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «5-20-25» бағыты бойынша үй кезегінде тұрған азаматтарға «Отбасы банкі» арқылы берілуде.
Өткен айда шаһар басшысына тұрғындар тарапынан «Отбасы банкі» жариялаған конкурстың нәтижесі бойынша төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға пәтерлердің уақытынан кешіктірілгені жайында шағым түскен. Осыған байланысты Мұрат Әйтенов жауапты мердігер мекеме басшыларымен құрылыс басында кездесіп, жұмыс барысын талқылады.
Мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жобаларда кедергі болған мәселелер толықтай шешімін табатынын атап өтті.