Мұрат Әйтенов “Зияткер Тұран” мектебіне барды

0
576

Аталған білім ошағы 816 орынға лайықталып, 3 қабатты типтік үлгіде салынған.


Мұрат Әйтенов “Зияткер Тұран” мектебіне барды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тассайдағы биыл ашылған “Зияткер Тұран” мектебіне барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттегі жекеменшік мектептердің білімберу сапасы шаһар басшысы М.Әйтеновтің жіті бақылуында.

Аталған білім ошағы 816 орынға лайықталып, 3 қабатты типтік үлгіде салынған. Қазір мұнда 340 оқушы 1 ауысымда оқуда.

Мұнда 260 балаға арналған асхана, акт залы, шеберхана, компьютер сыныбы, спорт зал, жалпы оқу кабинеттері қарастырылған.

“Кәсіпкерлердің білім саласындағыинвестициялары бұл салада бәсекелестіктің дамуына септігін тигізеді. Ал, бәсеке сапаны арттырары анық. Сапалы біліммен ғана саналы шәкірт тәрбиелей аламыз”, - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Аталмыш білім ошағы Қаратау ауданы, Тассай тұрғын алабы, 301/3 ғимаратта орналасқан.

Бүгінгі таңда жан басына қаржыландыру жүйесімен Шымкентте 31 225 оқушы 87 жекеменшік мектепте дәріс алуда. Ал мемлекеттік 151 білім ұясында оқитындар саны биыл 21 6735-ке жетті.

Айта кетейік, Шымкент қаласында үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі 2023 жылы, ал орын тапшылығы 2025 жылға дейін толығымен шешіледі.

Шымкент қаласында сапалы білім беру үшін жағдай жасау мақсатында 5 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 86 079 орындық 101 мектеп салынады.

Қалалық білім басқармасының дерегінше, 2021 жылы 11 064 орынға арналған 25 мектеп пайдалануға тапсырылған. Оның ішінде 4 мектеп мемлекеттік, 21 мектеп жекеменшік. Нәтижесінде, жаңа оқу жылында апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға төмендеді.

Мектептердің жөндеу жұмысына тоқталсақ, бүгінгі таңда қалада жалпы 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 10 нысанның құрылысы 2021 жылдан өтпелі, ал 24 нысанның құрылысы жаңадан басталған. Жыл соңына дейін 12 990 орынға арналған 4 мемлекеттік 13 жекеменшік мектепті пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.