«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы сайланды

0
2 468

Кезектен тыс конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысты.


«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы сайланды

ERNUR.KZ. «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс конференциясында Ғабидолла Әбдіраxымов қалалық партия филиалының төрағасы болып сайланды.

Айта кетейік, кезектен тыс конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысып, қалалық филиалды 12 жыл төраға лауазымында басқарған Өмірзақ Мелдехановқа алғыс айтты.

Сонымен қатар, Шымкентке іс-сапармен келген «Нұр отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев алдымен «Нұр Отан» партиясының жобасы аясында ашылған «Отырар» кітапханасындағы коворкинг орталығына барды. Одан кейін Шымкентте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде іске қосылған №37 «Айгерім» балабақшасының жұмысымен танысты.