​Оқушылар сапасыз интернет арқылы да сабаққа қатыса алады

0
1 095

Шымкент қаласы онлайн оқуда оқушылардың белсенділігі бойынша республикада үшінші орында тұр.


​Оқушылар сапасыз интернет арқылы да сабаққа қатыса алады

Оқушылар сапасыз интернет арқылы да сабаққа қатыса алады. «Mektep.kz» оқу платформасы арқылы оқушылар сабақтарды тегін жүктеп, еш бірлік салмай-ақ zoom арқылы үй тапсырмасын орындай алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.

- Қазіргі таңда қала аумағында интернет сапасы нашар 33 елді мекен бар. Алайда тіпті интернетсіз отыр деген ел жоқ. Бәрінде телефон бар, демек ғаламтор қолжетімді. Олай болмаған күннің өзінде сапасы өте төмен деген интернеттің өзінен «Mektep.kz» платформасы арқылы оқушылар сабаққа қатыса алады. Оған бірлікте керек емес, - дейді басқарма басшысы.

Ж. Арысбекқызының сөзінше, Шымкент қаласы онлайн оқуда оқушылардың белсенділігі бойынша республикада үшінші орында тұр. Ең алдымен Қостанай облысы – 96,5% -ды құраса, екінші БҚО – 96,2%, Шымкент – 88,6% - бен үштікке іліккен. Қалада оқушылардың сабаққа қатысу көрсеткіші 84,4 %-ға көтерілген.

Қала бойынша 224 618 оқушы орта мектепте білім алса, 27 мыңнан аса студент техникалық және кәсіптік колледждерде оқып жатыр.

5-11 сыныптар арасында 80 780 оқушыға компьютер жетіспеушілігі анықталса, тисінше 42 907 бала жаңа компьютермен қамтылған. Осы оқу жылында қала мектептеріне 36 000 компьютер келу керек болған. Оның 13 639-ы келген. Қалғаны қазан айының соңына дейін берілсе, мектептерге үлестіріледі.