"Он метрдей сүйреп кеткен": Шымкентте бес жастағы қызды автобус қағып кетті

0
1 075

Жол көлік оқиғасы түс уақытында болған.


иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Шымкентте бес жастағы қыз баланы автобус астына түсіп жан тапсырды, деп жазады astanatv.kz.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, қоғамдық көлік жүргізушісі кішкентай қызды тіпті байқамаған да көрінеді.

Жол көлік оқиғасы түскі бірлер шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, кішкентай қыз жолдың қақ ортасында соңғы сәтте жан жағына жалтақтап тұрған екен. Әкесінің айтуынша, қызын автобус қаққан күйі он метрдей сүйреп кетіпті. Оқиғаның куәгерлері жүргізуші оны мүлдем байқамағанын айтады. Тек сырттағы халық шулап айқайлағасын ғана тоқтапты.


"Негізінде қыз уже астында қалған кезде бәрі шулады. Астыңа қара астыңа қара деп автобусқа. Ал ол рульдегі құлағында наушнигімен «не болды, не болды?» деді. –жүргізуші? - иә, жүргізуші, түсіп иә неге неге не деп жатсыңдар" ,- деді куәгер Мадина Акбаралиева.


" Ол тамақ жеп келе жатыр еді. Құлағында по-моему наушник..оны көрмедім, бірақ тамақ жеп келе жатқанын көрдім. Кондуктор екеуі алдында тұрып. Сөйтіп автобус бұрылам деді ма короче бұрдыма бірдеме қылды, сонымен ана баллонына қарай сүйреп кетті ғой. Арғы шеттегі таксилер тоқта-тоқта демесе анау басына дейін сүйреп, дымы қалмайтын еді ол қыздың ше", - деді куәгер Әмина Тұрғанбаева.


Куәгерлер сол сәтте бүлдіршіннің жалғыз болғанын, ол дүкенге кіріп сағыз алғасын базар жаққа қарай бет алғанын баяндады. Әкесі кенжесін кеше жер қойнына тапсырғандарын айтты. Ол қызым базарға менің жұмысыма келе жатты ау деп топшылайды.


" Молдағұлов көшесінде кішкентай қызды қағып кетті дегенді естіп жүгіріп келсем өз қызым. Автобус баллоны езіп жіберіпті. Ішек-қарны ақтарылып жатыр. Мен келер алдын тірі болған екен. Жүргізуші қайда қарады?!!", - деді қыздың әкесі Мургумшах Набиев.


147 бағыттағы автобус «T-Bus» компаниясына тиесілі. Алайда бағытқа жауаптылардан қандай да бір жауап алу мүмкін болмады. Ал жолаушылар тасымалына жауапты басқарма өкілдері автобустың жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспағанын алға тартты.

" Егер жүргізушінің кінәсі анықталып жатса келісім шартты бұзу мәселесі қаралатын болады. ол тергеу амалдары нәтижесіне сәйкес. Сонымен қатар барлық көлік компаниялырына ескертулер жасалды. Қазір бұл жәйтпен полиция айналысып жатыр. 1979 жыл туған автобус жүргізушісі қамауда отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін",- деді Шымкент қаласының жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Наурыз Сүгірәлиев.