​ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ: Шымкентте мерекелік іс-шара өтті

0
366

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні.


​ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ: Шымкентте мерекелік іс-шара өтті
ERNUR.KZ. Айтулы датаға орай, Шымкент қаласының «Бақытты жанұя» орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Отбасы құндылығын насихаттайтын жиынға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Көпжан Тұрлыбеков, «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестірігің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының төрайымы Баян Жандосова, «Әжелер кеңесінің» төрайымы Клара Атемова, «Әкелер кеңесінің» төрайымы Төлехан Үсипбеков, «Жас отбасылар кеңесінің» төрайымы Гүлрайхан Абирова және қала тұрғындары қатысты.
– «Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет екенін ұмытпауымыз тиіс, Сіздермен бірлесіп ұлттық, отбасылық құндылықтарымызды, ел тыныштығын сақтап қалуына көптеген жұмыстар атқара отырып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын. Барша отбасыны айтулы мерекемен құттықтаймын, - деді Көпжан Тастанұлы өзінің құттықтау сөзінде.
Мұнан кейін отбасы институтын ілгерілету жөнінде сөз қозғалды.
– Әрбір ересек адам өзі бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек екенін білуі қажет. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз.
Сондықтан, бүгінгі мерекені атап өтуге атсалысқан азаматтарға алғыс айта отырып, алдағы уақытта 1 маусым – «Балалар күні», 16 маусым – «Әкелер күні» мерекесін жоғары деңгейде атап өтуге шақырамын, - деді Баян Айтбекқызы.
Сонымен қатар, жиында отбасы институтын дамыту орталықтарында тек аналармен жұмыс жүргізуге шектелмей әкелерге де көңіл бөліп, қолдау көрсету ұсыныстары айтылды.